Қызылша ауруынан сақтанайық!
Қызылша – вирустар туғызатын жұқпалы ауру. Жасырын кезеңі 7-17 күнге созылады. Алғашқы күндері ауру тұмауға ұқсап өтеді, яғни науқастың дене қызуы көтеріледі, мұрны бітеледі, жөтеледі, көзі қызарып, жасаурайды. Ауру сәт сайын үдей түседі. Ауыз іші қабынып, ісініп, іш өтуі мүмкін. 2 немесе 3 күннен кейін ауыздың шырышты қабығында тұздың жартысындай кішкентай ақ дақтар көріне бастайды. Одан кейін екі немесе үш күн өткен соң құлақта және мойында, сосын бетте және денеде, ең соңында қол мен аяқта