29
апрель
2026
Қазақ тілін үйренуде ойынның маңыздылығы
Мектеп жасына дейінгі балалар оқырман емес, тыңдарман, олар тақпақ, ән, санамақ, жаңылтпаштарды тәрбиешінің айтуы арқылы үйренеді. Ойын – балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл – өмірдің заңдылығы. Қазақ тілінде ойын элементтерін пайдалана отырып балалардың ауызекі сөйлеу тілін дамытады.
Қазақ тілін үйретуде балалардың қорларын байыту, молайту, сөздіктерінің белсенділігін арттыру, күнделікті өмірде қолдана білуіне бағыт беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, тіл мәдениетін жетілдіру, сөйлем құрап, сөйлесу тәжірибесін ұдайы ұйымдастыру – балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін ұғынып, тілінің жетілуіне ұстаздық әсер көрсетудің маңызы зор.
Орыс педагогы В.А.Сухомлинский: «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін де емес.Баланы тапқырлыққа, өжеттікке, батылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, байсалдыққа үйрететін де осы ойын» деген екен. Тиімді пайдаланылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын бүлдіршіндердің зор ынтамен тыңдап берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені балабақшадағы балалардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады.
Кез- келген ата- ана үйде отырып ойнап, баланың тілін дамытуға мүмкіндік бар.Осы берілген ойында кез келген ата- ана үйде отырып түрлендіріп ойнауға болады.