25
декабрь
2023
2023 оқу жылына арналған балабақшаның қорытынды есебі.
Бүгінгі өсіп келе жатқан сәбилер ертеңіміздің жалғасы, еліміздің болашағы. Әр баланың қоғамда өз орнын тауып, өзіндік ой- пікірі қалыптасқан, кез- келген уақытта мәселенің шешімін таба алатын салауатты да, сауатты жеке тұлға болып қалыптасуына балабақша ұжымы өз үлесін қосуда. Осы орайда, "№ 33 бөбекжай- балабақшасы" 2023 оқу жылында алдағыдай мақсат, міндеттерді алға қойды:
1. Балалардың коммуникативтік және танымдық қабілеттерін ойын арқылы дамыту.
2. Балалардың денсаулығын, салауатты өмір салтын қалыптастыруда денсаулық сақтау технологиясын жүзеге асыруды жалғастыру.
Жылдық міндеттемелерді жүзеге асыруда 11 педагог жұмыс атқарды. Мамандардың барлығы жоғары білімді, педагогтарымыздың 80 % 2023 жылы біліктілікті арттыру курсынан өтті, екі педагогіміз педагог- модератор санатында.
Ағымдағы жылдың тамыз айында қала әкімдігі мектепке дейінгі ұйым басшыларын тәжірибе алмасу мақсатында Сингапурға жіберді. Білім басқармасының ұсынысы бойынша 30 меңгеруші барып, мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту мазмұнын жаңарту аясында білімдерін жетілдіріп келді.
Сингапур елінен алынған тәжірибені жүзеге асыру мақсатында балабақша меңгерушісі Муратова Ш.М. балабақшамызда "Өнер тамған он саусақ"атты жобаның жоспарын құрып, жобаны іске асыруға ұсыныс жасады. Жобаның басты мақсаты- балалардың экологиялық білімін кеңейту, қоршаған ортаны күту және қорғау қажеттілігі сезімін ояту, экологиялық санасы мен мәдениеттін қалыптастыру, шығармашылық және коммуникативті дағдыларын дамыту. Бұл жоба үш бағытта: балабқша- бала- ата- ана арасында жүргізілуде.
Осы уақытқа дейін ата- аналар мен балалар, тәрбиешілер арасында, "Ең әдемі үйшік", "Ғажайып ойыншықтар", "Жолда жүру ережесін сақтайық", "Әдемі қала" тақырыбында көрмелер мен сайыстар жүргізіліп, ең үздік деген жұмыстар іріктеліп шықты. Жұмысқа қажет заттарды жинаудаата- аналардың көмегі зор, ол үшін балабақша ішінде "Қалдық заттарды жинаймыз" акциясы ұйымдастырылған болатын.
Сонымен қатар ағымдағы жылда педагогтартарымыз біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, білімдерін жетілдіріп, сертификкаттарға ие болды.
Оқу жылы басынан балабақшамызда "Алтын күз мерекесі", "Қарттарым - асыл қазынам", "Менің отаным- Қазақстан", "Тәуелсіздік туы- желбіре", "Сәлем- саған жаңа жыл!", атты мерекелік іс- шаралр өткізіліп, тақырыптық көрмелер ұйымдастырылды.
Балабақшамыздың тәрбиеленушісі Сарнацка Полина "Атамұра" республикалық ғылыми- әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "Бояулар құпиясы" байқауына қатысып, 1 орын иеленіп, жетекшісі, ата- анасы алғыс хатпен марапатталды.
Биылға жыл балабақшамыз үшін жақсы жыл болды, "Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан - үміт көп" демекші, келер жыл шығармашылыққа, жаңашылдыққа, жетістіктерге толы жыл болады деген сенімдеміз!