20
апрель
2023
Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік










22 сәуір күні Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық оқу- жаттығуы өтті. Осыған орай, біздің балабақшамызда да жер сілкіну кезіндегі қауіпсіздік пен эвакуациялану ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бүлдіршіндерімізге презентация арқылы әңгіме жүргізіліп, сурет көрмесі ұйымдасытырылды. Жалпы балаларға кішкентай кезінен төтенше жағдайлар, зілзала апаттары жөнінде білімдерін кеңейтіп, олардан сақтану жолдарын, алғашқы көмек көрсету шараларымен таныстыру, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу, жер сілкінісі кезінде үйде, көшеде, дұрыс әрекет етуге үйретудің маңызы зор. Себебі жер сілкінісі айтып келмейді, кез келген күтпеген уақытта болатын жағдай. Сондықтан ересек адам болсын, бала болсын дайын болу өте маңызды.
Ешқандай төтенше жағдай болмасын! Табиғаттың мол байлығын дұрыс пайдалана отырып, қорғай білейік. Төтенше жағдай кезінде, өз өмір қауіпсіздігімізді сақтай білейік. Аспанымыз ашық болсын!